Ташкент қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Николай Лакизаны еске алу құрметіне арналған спорттық акробатикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 10 команда, 98 спортшы қатысқан бәсі биік додада өңір намысын 4 акробатшы қорғаған болатын.
Байрақты сайыстың қорытындысы бойынша Александр Зотов (1997 ж.) пен Анастасия Бейсембаеваның (2001 ж.) аралас жұбы жеңістің биік тұғырына көтеріліп, турнир жеңімпаздары атанды.
Жеңімпаздар – акробатикадан мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.