«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАУАПТЫ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелері бойынша кезекті кеңес өткізді.

Кеңесте сонымен қатар Индустрияландыру картасының проблемалық жобалары талқыланды. Өткен жылы мұндай жобалар 35-ті құраған болатын, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін олардың қатары 13-ке дейін қысқарды. Жеткіліксіз жұмыстары үшін 19 адам жазаға тартылды, олардың 3-еуі (Ақмола облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы, “КРІ” АҚ басқарма төрағасы және “CaspiBitum” БК” ЖШС бас директоры) жұмыстарынан босатылды.

Әсет Исекешев өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін ашу және бизнес пен инвесторлар үшін жағдай жасау жөніндегі әкімдіктердің сылбыр жұмысын атап өтті. Әкімдіктердің Индустрияландыру карталарына ұсынатын жобаларының сапасы төмен екендігі байқалады. Мәселен, Картаны соңғы жандандырудан кейін министрлік инновациялығы төмен және ҮИИД бағдарламалары мақсаттарына сәйкес болмауы себебінен ұсынылған 200 жобаның жартысын алып тастады. Вице-премьер Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне жаңа жоғары технологиялы жобаларды іздеу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.  

Қарағандыдағы ұшақтар өндірісі жөніндегі проблемалық жобаға және Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ Маңғыстау облысында планшеттік компьютерлер шығару да проблемалық жобалар қатарына жатады, бұл мәселе бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Кеңес соңында вице-премьер Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының – әкімдеріне бұл жобаларға жауапты шенеуніктерге қызметтерінен босатуға дейін жаза қолдануға тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Индустрияландыру картасына 11,5 трлн. теңгеден астам соманың 872 жобасы енгізілген. Картадағы барлық жобалардың басым бөлігі жеке қаражаттар есебінен (73,5% – жеке бизнестің өз қаржысы, қазақстандық және халықаралық Даму институттары мен банктердің займдық қаражаттары) жүзеге асырылатын болады.

Облыстар әкімдіктері 829 жобаны жүзеге асыруға жауапты.

3,5 жыл ішінде 2,1 трлн. теңгенің 563 жобасы пайдалануға берілді. 61700 тұрақты жұмыс орындары ашылды.

“ҚазАқпарат”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp