«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАСЫН ӨЛТІРІП, БАҚШАҒА КӨМІП ТАСТАҒАН жігіт тұтқындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда ер адам өз анасын өлтіріп, мүрдесін үй маңындағы бақшаға жасырған. Тұрақты мекенжайы жоқ әйелді ешкім іздей қоймапты, екі айдан кейін оның сүйегі табылғанда ғана полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Із-түзсіз жоғалған 48 жастағы әйелдің ғайып болғанын ешкім байқамаған. Көкек ананың балаларын мемлекет бағып, қақты. Өзі болса осы күнге дейін қаңғырып, күн кешіп келген.

Қазан айының ортасында Ішкі істер басқармасына Эльвира есімді тұрақты мекенжайы жоқ әйелдің мүрдесі табылғаны жайлы ақпарат түседі. Жедел тергеу амалдары барысында бұл әйелдің қыркүйек айында жоғалғаны белгілі болды. Бұған дейін қаза тапқан әйел келінінің жұмысына, яғни түсті металл қабылдау орталығына жиі барып тұрған. Алайда, соңғы кезде келіні де, енесі де ол жерден көрінбей кеткен.

“Адам өлтіру фактісіне қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 25 жастағы ұлы тұтқындалды. Қазіргі таңда күдікті Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, ол өз кәнісін мойындап, мүрдені көміп тастаған орнын көрсетті. ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда”, – деді Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Руслан Сыздықов.  

Күдіктінің айтуынша, оқиға орын алған күні әйел адам баласының үйіне мас күйде келген. Кейін аяқастынан жанжал шығып, ер адам байқаусызда анасын итеріп қалған. Қатты соққыдан жер жастанған анасы жан тапсырған. Бұдан соң күдікті жалдамалы пәтерін босатып, зайыбымен бірге ауылға көшіп кеткен.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp