«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

20 ЖІГІТ ТЖМ ӘСКЕРІНЕ АЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментте әскер қатарына шақырылғандар облыстық ТЖ департаментінің, ҚР ТЖ министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің өкілдерімен кездесті. 

Нұрым ОМАРОВ,  

облыстық ТЖ департаменті әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы.

ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің 1-ші құтқару батальонының командирі, майор Мейрамбек Батырқұлов жастарға әскери өмір, құрылымдар тарихы, олардың табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жоюға қатысуы туралы әңгімелеп берді.

ҚР ТЖМ офицерлері айтып өткендей, кездесудің мақсаты Азаматтық қорғаныс бөлімдерінде әскери қызметті өткерудің беделін арттыру болып табылады.

Танысу барысында ведомстволық әскери құрылымдар қатарын күзгі әскерге шақырылушы жастармен толықтыру үшін зерделеу мен іріктеу жүргізілді. Облыстық ТЖД әскери бөлім өкіліне әскер қатарына шақырылғандарды медициналық және психологиялық жағынан тексеріп, іріктеуге көмек көрсетті.

Бүгінде 20 солтүстікқазақстандық ҚР ТЖМ әскері қатарында қызметтерін өткеруге аттанды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp