«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӘРІ ҚҰДАНЫ” ҚАРСЫ АЛУҒА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қауіпті кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларын өткізуге қатысатын бөлімшелердің техникасы мен жеке құрамын тексеру мақсатында Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 28 техника бірлігі және елуге тарта жеке құрамы бар аудандық шұғыл әрекет ету жасағы сапқа тұрғызылды. Белгіленген уақытта ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарында құрылған жоғары әзірліктегі құрылымдарының бөлімшелері мен техникасы сап түзеді. Аталған шара барысында бөлімшелердің келуі тексеріліп, жауынгерлік әзірліктері мен жеке құрамның өз міндеттерін білуі бағаланды. Түрлі апаттардың және басқа да ТЖ салдарынан зардап шеккендерге уақытында көмек көрсетуге арналған апаттық және қар тазалайтын техниканың бар, әрі жарамды болуына, өртке қарсы және медициналық қызметтерінің, қоғамдық тәртіпті күзету қызметі, техника мен қондырғылардың дайындығына ерекше назар аударылды.

Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары – ТЖ комиссиясы төрағасы Берік Жүнісов ТЖ бөлімінің офицерлерімен бірге жасақ командирі Байжан Жәнібеков арқылы бөлімше командирлері және мамандарымен жеке-жеке танысып, оларға қойылған міндеттерді орындауға дайындықтары туралы хабарламаларын тыңдады. Берік Серікұлы жедел әрекет ету жасағы жеке құрамы алдында сөз сөйлеп, құрамалардың қыс мезгіліндегі әрекет етуге дайындықтарына жақсы баға беріп, алдағы уақытта оның әзірлік деңгейін ұдайы көтеріп отыру қажеттігін айтты.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp