«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЗЫ КҮЙГЕН АЗИЯ ЕЛДЕРІ енді аяқтарын аңдап басуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Азияда байқалып отырған қор индексте-рінің адам айтса сенгісіз секіріс жасауы мен тұрғын үй бағасының жылдам өсіп жатқаны кәдімгі қамырдың тасығанындай әсер етеді. Оның халықаралық терминде “Дежа-вю” атауын алуы сондықтан шығар, өйткені “де-жа” сөзі қамыр ашытатын қазанның мағы-насын білдіреді. Дәл осындай жағдайдың 1997 жылғы дағдарыстың алдында да орын алғаны белгілі. Онда басында азиялық елдер ұзақ уақыт дағдарыстың қаупін сезе тұра, оны білдіргісі келмеді, яғни елемейтін сияқты болып көрінуге тырысты. Алайда, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа одағы елдері экономикалық өсімнің төмен-деуінен зардап шеге бастаған кезде азия-лық елдер экономикасындағы активтер ба-ғасы да көтеріліп кеткен болатын.

Осындай жағдай тағы қайталанатын түрі бар сияқты. Соңғы төрт жылда Шығыстағы қор нарығы америкалық биржалардан ай-тарлықтай озып түсті. 2009 жылдан бастап, 2013 жылдың екінші тоқсанына дейін Тайландта және Индонезияда қор индексі 236 пайызға, Филиппинде – 225, Малайзия-да 103 пайызға өсті. Бағалы қағаздар құны 2007 жылмен салыстырғанда анағұрлым қымбаттады.
Сол сияқты азиялық елдерде тұрғын үй бағасы да өсіп барады. 2009 жылдан бері Гонконгта шаршы метр тұрғын үй құны – 120 пайызға, Сингапурде – 54 пайызға, Ма-лайзияда – 43, Тайванда – 39 және Тай-ландта 38 пайызға көтерілді. Жылжы-майтын мүлік бағасы Үндістанның ірі қалаларында күрт секіріс жасады, мысалы, 2010 жылдан бері Делиде тұрғын үйдің шаршы метрі – 88 пайызға, ал Мумбайда 65 пайызға көтерілді.
Осындай жоғары өсімнің түбінде бәсең-суі заңды құбылыс. Өйткені, үнемі үдемелі өсімді сақтау қиынның қиыны және оның кейде тығырыққа әкеліп тіреуі де ғажап емес. Айталық, бүкіл әлемнің “Азия барыс-тарының” бас айналдырар биігіне көз сал-ғанына көп уақыт өте қойған жоқ, алайда ол ең ауыр дағдарыстардың бірімен аяқталды. 1998 жылы көршілес Ресейді де қосағына алып, дефолтқа ұшыратты.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында Азияға шетелдік капиталдың өзендері құйылды деуге болады, сөйтіп онда жылжымайтын мүлік нарығы бұрын-соңды болмаған өрлеуді бастан кешті. Бірақ ол мемлекеттік және корпоративтік қарыз-дың өсуіне, экономиканың тым қызып кетуі-не ықпал жасады. Ақыры одан 1997 жылы “өрт” шығып, алғашқылардың қатарында күйзеліске киліккен Тайланд үкіметі өз валютасын құнсыздандыруға мәжбүр бол-ды. Небары бір айдың ішінде дағдарыс бүкіл Оңтүстік Азияны қамтып, нарықта мұртын балта шаппаған Жапонияға дейін жетті. Араға бірнеше ай салып, нарықтағы туған үрейге байланысты осы аймақпен іргелес Ресей де өзінің қысқамерзімдік облигациялары бойынша дефолт жария-лауға мәжбүр болды.
Ал енді қазіргі жағдай тоқсаныншы жыл-дардың соңындағы дағдарысқа ұқсас па? Бұл сұраққа Далластың Федеральдық ре-зервтік банкінің экономистері жауап беруге тырысты. Егер ағымдағы операциялар шоттары бойынша сараласақ, онда Индо-незия неғұрлым көбірек қауіп тудырады. Оған басым бөлігінде Жапон үкіметі кінәлі сияқты. Олай дейтініміз, өз тауарларының экспорты үшін неғұрлым тиімді жағдай жа-сауға ұмтыла отырып, Жапон үкіметі өткен жылдың соңынан бері жоспарлы түрде ва-лютасының құнын кемітуде. Жыл ішінде иена долларға қатысты 24 пайызға арзанда-ды. Нәтижесінде Жапон елі шынында да шет жерге көбірек тауар сата бастады, ал бі-рақ оның есесіне азиялық көршілері экспорт көлемін азайтты.
Әлемнің барлық елдері сияқты қаржы дағдарысын бастан кешкен Азияның қазіргі күнгі жағдайы 1997 жылдағыдан мүлде басқаша, деп жұбатады Далластың резерв-тік банкі. 1990 жылдардың соңына азиялық елдер мол сыртқы қарызы болғандықтан, қалыптасқан жағдайға өте тәуелді болды. Оңтүстік Корея мен Индонезияны мол кө-лемдегі қысқа қарыздық міндеттемелер қи-нады, өйткені олардың іс жүзінде валюта-лық резервтері болған жоқ. Халықаралық инвесторлар қысқамерзімді қарыздарды қаржыландыруды тоқтатқан кезде бұл елдер таратуға болатын жылжымайтын мүліктер дағдарысына ұрынды.
Бүгінде көпшілік Азия елдерінде ішкі жал-пы өнімнен сыртқы қарыздың пайыздық көлемі 1997 жылғы деңгейдегіден анағұр-лым төмен. Бұл – олардың экономикасы сауығып келе жатыр деген сөз. Енді Азия-дағы дағдарыстың қайталанбауы үшін өт-кеннен сабақ ала отырып, мүмкіндігінше ва-люталық резервтер жинақтауға ұмтылмас-қа болмайды. Қазір Азия елдерінің эконо-микасында осындай үдерістің бары байқа-лады. Соның нәтижесінде олардың валю-талық резервтері еселей өсіп, қайсыбір қар-жылық қиындықтарға өздігінен төтеп бере алатын дәрежеге жетті. Бүгінде Азияның көптеген елдері икемді валюталық бағам-дармен жұмыс істейді, бұл олардың валюта-ларына сыртқы тараптан интервенция жа-салуынан қорғануға көмектеседі. Ал мұндай жағдайда олардағы инвестициялық ахуал-дың да жақсара түсері сөзсіз. Сөйтіп, өткен дағдарыс кезіндегідей инвесторлардың жаппай қашуының қайталануына жол бе-рілмейді. Десе де, Далластың резервтік банкі Азиядағы экономиканың өсім қарқы-нының төмендеуі мүмкін екенін айтады. Қар-қынның төмендеуі мүлде өсім жоқ деген сөз емес, ол бұрнағы кезеңдермен салыстыр-малы көрсеткіш. Мысалы, азиялық экономи-каның өсім қарқыны 2011 жылы 7,8 пайыз-дық деңгейде болса, өткен жылы 6,4 па-йызды құрады. Ал биыл ол, мейлі, тағы сәл төмен түссе де, тұрақты өсім берсе болғаны.
Далластың резервтік банкі сәуегейлік етіп отырған АҚШ-тың өзінде де істің оңға баса бастағаны байқалуда. Бұл – ол жақын арада сандық жетілдіру ретінде танымал өзінің дәстүрге жатпайтын ақша-кредиттік саясатын аяқтауы мүмкін деген сөз, содан кейін ставкаларын көтере бастайды. 1997 жылы инвесторлар Азиядан қашқан кезде америкалық қаржыгерлер осындай саясат-қа көшіп, пайыздық ставкаларын көтерген болатын. Онда капиталдың Тайландтан, Малайзиядан, Индонезиядан және Оңтүстік Кореядан жаппай сыртқа ағылуы жергілікті валюталардың құнсыздануына, акцияларға бағаның құлауына, банктердің банкротты-ғына әкеліп соқтырған еді. Осылайша сырт-тағылардың қаржылық ойнынан, ал ең алдымен, өздерінің қамсыздығынан аузы күйген азиялық елдер енді аяқтарын аңдап басатын болар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp