«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУДА олқылықтарға жол берілмеуге тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, онда бес мәселе қаралды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда орын алған олқылықтар үшін облыс әкімі Самат Ескендіров өз орынбасары Қайрат Бекеновке сөгіс жариялады. Өйткені, аталмыш бағдарламаға қатысты біздің өңір Үкіметтің селекторлық отырысында сынға ілінген болатын.  

Индустрияландыру картасы бойынша өңірімізде 40,8 миллиард теңгенің 30 жобасы енгізілген. Ал Айыртау және Мамлют аудандарынан Индустрияландыру картасында бірде-бір жоба жоқ. Қалған аудандар мен облыс орталығында да бұл бағытта атқаратын жұмыстар жетерлік. Ол жайында облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Ысқақов жеткізді. Өңір басшысы ҮИИД бағдарламасына аудан әкімдері тікелей жауапты болатынын айтып, оның жүзеге асуын қатаң қадағалауды тапсырды.  

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Антон Федяевтің айтуынша, өңірдегі коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала нысандары және тұрғын үйлер жылумен толық қамтамасыз етілген. Жылыту желілерінің жұмысы маусым басталған уақыттан бастап тұрақтандырылды. Ал тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 100,2 миллион теңгеден асып жығылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9 миллион теңгеге кем. Дегенмен, қарызды уақытында қайтаруды жолға қою қажет. Өңір басшысы бұл мәселені назардан шығармауды тапсырды.

Отырыста “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру барысы, бюджет қаржысын игеру мәселелері қаралды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp