«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР- ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 4,5% ұлғайды, ол жалпыреспубликалық көрсеткіштен 2,4 пайыздық тармаққа жоғары және Қазақстан Республикасында 5-ші орынға сай келеді. 107,3 млрд. теңгенің (республика көлемінің 0,8%) өнімі өндірілді.

Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру есебінен өңделген сүт пен кілегей (2012 жылғы сәйкес кезеңге 1,8 есе), рапс майын (1,6 есе), ет және тағамдық қосымша өнімдерді (18,3%-ға), орталықтан тепкіш сорғылар (14,6%-ға) шығару едәуір ұлғайтылған.

Бұрғылау қондырғысын өндіру – 4 есе, асүйлік жиһаз – 1,8 есе, бояулар мен лактар 31,4%-ға ұлғайды. Үстіміздегі жылғы мамырдан бастап 2012 жылы іске қосылған жел генераторымен электр энергиясын өндіру басталды. Ірі қараның терісін илеу жаңғыртылды – 12,4 млн. ш. дм. Облыс орталығында вагон арбаларын өндіру іске қосылды. Жазғы кезеңде ризолин – қолайлылығымен, төсеу оңайлығымен, бағасының қолжетімділігімен ерекшеленетін жабын материалы үлкен сұранысқа ие. Облыс аудандарында түрлі-түсті металл кен, мал азықтық тұз, кварц құмы мен шағыл өндіру белсенді жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы

ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша, облыста 193,4 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге 111%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 114,3%, мал шаруашылығында – 104,9%.

Үстіміздегі жылдың 9 айында 70,1 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе өткен жылғы деңгейге 103,4%, 383,7 мың тонна сүт немесе 105,1%, 384,9 млн. дана жұмыртқа немесе 113,4%.

Құрылыс

Құрылыста белсенді қызмет байқалуда. Құрылыс жұмыстары көлемінің өсу қарқыны 123,3%-ды құрады. 18,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды.

Үстіміздегі жылғы 9 айда пайдалануға берілді:

– Тайынша ауданының Ясная поляна ауылында 350 басқа арналған сүт өндіру бойынша мал шаруашылығы кешені;

– М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында қуаттылығы 15 мың тонна және Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында қуаттылығы 19 мың тонна элеваторлар;

– Тайынша ауданының Қараағаш ауылында көкөніс қоймасы;

– Аққайың ауданының Смирново ауылында және Тайынша қаласында мал азығы дақылдарының қоймалары;

– Петропавл қаласы және Тимирязево ауылында ЖЖС;

– Петропавл қаласында 4,47 мың нөмірге арналған АТС;

– Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ұзындығы, 1,42 км. талшықты-оптикалық байланыс желілері;

– Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында антеннадіңгек имараты;

– Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында ұзындығы 3,57 км. кабельдік байланыс желілері;

– Петропавл қаласында мемлекеттік мекеменің әкімшілік ғимараты және кеңсе;

– Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі станция;

– Тайынша қаласында жергілікті жылу желілері;

– Тайынша қаласында қазандық;

– Мамлют ауданының Щучье ауылында су ұңғылары;

– Петропавл қаласында ұзындығы 0,16 км. кіріс темір жолы;

– Жамбыл ауданының Айтуар ауылында 80 оқушыға арналған жалпы білім беру мектебі;

– Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында мешіт;

– Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында дәріхана;

– Петропавл қаласында ауысымда 12 келімі бар стоматологиялық кабинет;

– Петропавл қаласында автомобильдер гаражы;

– Тимирязев ауданының Мичурино ауылында 70 орынға арналған дәмхана мен мәдени-сауықтыру орталығы;

– Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Тайынша аудандарындағы шағынмаркеттер.

Тұрғын үй құрылысына өткен жылғы осы кезеңдегіден (4,2 млрд.теңге) қаражат 10% артық игерілген.

Облыс аумағында тұрғындар мен кәсіпорындар үстіміздегі жылғы 9 айда жалпы алаңы 58969 ш. м. тұрғын үйді пайдалануға берді, ол 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 1,5 есе артық. Халық қаражаты есебінен пайдалануға 39505 ш. м. (жалпы көлемнің 67%) берілді, бюджеттік қаражат – 18379 (31,2), кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 1085 ш. м. (1,82%). Облыс аудандары арасында тұрғын үй құрылысындағы ең үлкен үлес салмақты Петропавл қаласы алады – 53,8%.

Инвестициялық қызмет

Облыс экономикасының ойдағыдай дамуы белсенді инвестициялық қызметпен қамтамасыз етіледі. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 70,3 млрд. теңгені құрап, 16,2% ұлғайды.

Инвестициялар үлесі бюджет қаражаты есебінен (өткен жылғы қаңтар-қыркүйектегі 13,3%-дан үстіміздегі жылда 19,8%-ға дейін), кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты (72%-дан 73,4%-ға дейін) ұлғайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қарыз қаражатының үлесі 14,5%-дан 6,8%-ға дейін азайды. Шетелдік инвестициялардың көлемі 86,2 млн. теңгеден 29,6 млн. теңгеге дейін азайды.

Инвестициялардың ең үлкен ағыны ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және қоймалауға бағытталған. Мәселен, ауыл шаруашылығына инвестициялардың 52,9%-ы бағытталды, өнеркәсіпке – 14,3%, көлік және қоймалауға – 16,8%.

Сауда

Бөлшек саудада өсімінің айтарлықтай жоғары серпіні сақталуда. Есепті кезең ішінде бөлшек сауда көлемінің өсу қарқыны 130,1%-ды құрады, бөлшек сауда желісі арқылы 85,6 млрд. теңгенің тауары өткізілді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарларын өткізу 70,8%-ды құрайды және 29,2% азық-түлік тауарларын сатуға келеді.

Азық-түлік емес тауарлар айналымында 9,2%-ды бензин өткізу алады, 4,9% – дизельдік отын (газойлдер), сұйытылған пропан мен бутан және 3,6% – автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары.

Базарлардағы және жеке кәсіпкерлердің сауда көлемі 31,1%-ға, сауда жасайтын кәсіпорындардың – 29,1%-ға ұлғайды.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі 148 мың теңгені құрады (2012 жылғы 9 айда – 109,4 мың теңге).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингі

ШОК субъектілерінің 2013 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнім (тауар және қызмет) шығаруы 207,4 млрд. теңгені құрады.

Нарықта қызмет етуші белсенді ШОК субъектілерінің саны 2013 жылғы 1 қазанға 21621 бірлікті құрады.

ШОК-та белсенді қамтылғандардың саны 2013 жылғы 1 қазанға 97977 адамды құрады.

Статистикалық бизнес-тіркелім

Үстіміздегі жылғы 1 қазанға облыста 9285 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істеді. Олардың 60,7%-ы – жұмыс істеп тұрғандар. Өнеркәсіп өнімін өндіруде – 324 (жұмыс істеп тұрғандардың 5,8%), құрылыста – 386 (6,9%), ауыл шаруашылығында – 687 (12,2%) кәсіпорны қамтылған. Қызмет көрсету саласында бұрынғыдай сауда 1011 кәсіпорын (18%) және білім 827 кәсіпорын (14,7%) басым болуда.

Бұдан басқа, облыста 16336 жеке кәсіпкер мен 3006 шаруа (фермер) қожалығы жұмыс істеді. Үстіміздегі жылда 374 жаңа шаруашылық жүргізетін субъект жұмысын бастады, 201 заңды тұлға таратылды. Жаңа шаруашылық жүргізетін субъектілерді құрудың ең қарқынды үдерістері сауда, автомобильдерді жөндеу, ауыл шаруашылығы қызметінің басқа түрлерін ұсыну салаларында тіркелген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp