Бүгінгі күні on-Iine режімінде Интернет арқылы статистикалық есептерді толтыру және тапсыру үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік бар.
Электрондық Үкімет бағдарламасын іске асыру аясында статистикалық нысандарды тапсыру барынша қолайлы болу және уақытты үнемдеу үшін ҚР Статистика агенттігі “е-статистика” ақпараттық жүйесін енгізуді бастады.
Респонденттерге қағазға көшірмей-ақ, on-Iine режімінде Интернет-портал арқылы жұмыс орнынан есептерін тапсыруға мүмкіндік бар. Ақпараттық жүйе статистикалық есептерде қате жіберу мүмкіндігін айтарлықтай кемітетін форматтықлогикалық бақылауды қамтиды.
Барлық қажетті ақпарат ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтында және Статистика департаментінің www.soItustik.stat.kz сайтында on-Iine есебі айдарында орналастырылған.