Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихаты кезінде ҮИИД бағдарламасына қатысты бірқатар мәліметті жария етті. Ә.Исекешев Президент сынын орынды дей келе, осы салада атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстардың бір парасымен таныстырып өтті. «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 50 заңнамалық акті, 23 салалық бағдарлама, 16 өңірлік бағдарлама әзірленді және мүлдем жаңа индикаторлар енгізілді, олар – еңбек өнімділігі, шикізат емес өнімдер экспорты, энергия тиімділігі және көрсеткіштер. Бұл жүйелі мәселелерді біз өте маңызды санаймыз және біз олардың бәрін шеше алмадық, ол рас. Бәсекелестікті дамыту, ШОБ дамыту, инфрақұрылым, кадрларды даярлау сияқты мәселердің әлі де болса толық үдесінен шыға алмай отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында ҮИИД бағдарламасының 2013 жылғы қорытындысы шығарылады, біз ол туралы егжей-тегжей есеп беруге дайынбыз», деді министр.