«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

9 МИЛЛИОНЫНШЫ АБОНЕНТ ТІРКЕЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мобильді байланыс саласындағы әмбебап оператор Beeline Қазақстанның абоненттік базасы 9 миллионыншы абонентке жетті. Компанияның 9 миллионыншы абоненті nomer.beeline.kz сайтынан нөмір сатып алған Қостанай қаласының тұрғыны болды.

Абоненттік базаның белсенді өсуіне “Сәтті” тарифтік қатары мен “Ыңғайлы лимитсіздік” сияқты қызметтерден тұратын жаңа тарифтік ұсыныстар мен дауыстық және data қызметтерге арналған топтамаларды іске қосу себепші болды.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылғы ІІ тоқсанның нәтижесі бойынша оператор белсенді абоненттерінің қатарын өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 3,5%-ға арттырды. Осылайша 2013 жылғы ІІ тоқсанда Beeline Қазақстанның абоненттерінің саны 8,8 миллионға дейін өскен болатын.

“Beeline Қазақстан телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрін ұсынатын әмбебап байланыс операторы бола отырып, жыл сайын барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсіп отырғанын жариялайды. Біз үшін тұтынушыларымыздың сенімі өте маңызды, ал біз өз тарапымыздан еліміздің телекоммуникациялық нарығын дамыта отырып, жаңа әрі тиімді қызметтер мен өнімдерді ұсынамыз”, – дейді Beeline Қазақстанның коммерциялық директоры Александр Комаров.

(Өз тілшімізден). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp