«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТША ӨТЕУСIЗ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлдана САГДЕЕВА,

облыстық аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы.

1. Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен: шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн; тұрғындардың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн; мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; бақша өcipу үшiн; қызметтiк жер телiмі түрiнде; ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы нысандар құрылысы кезеңiне; тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде; концессия шартының қолданылу мерзіміне; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат нысандары үшiн; Жер кoдексінде және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.

2. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер телімдерін қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ концессиялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.  

Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады.

3. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi.

Жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына ие болғаннан кейін жер субъектілеріне акт беріледі.

Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаттары жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажет жер учаскесінің сәйкестендіру мәліметтерін құрайтын сәйкестендіру құжаты болып табылады. Сәйкестендіру құжаттарын облыстың (облыстық маңызы бар қалалардың), астананың, ауданның өкілетті органдары береді.

Жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар – жер учаскесіне құқықтың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңды айғақтардың (заңды құрамдардың) пайда болуын растайтын құжаттар, оның ішінде келісімшарттар, сот шешімдері, атқарушы орандардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, өткізу актісі, жер учаскесін жекеменшік құқығымен иеленетін немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғалардың таратылу кезіндегі бөлу балансы.

Жер учаскесі – Жер кодексіндегі бекітілген тәртіппен субъектілерге шектеулі шекарада бөлініп берілетін жердің бір бөлігі.

Осы регламент жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (осыдан әрі қарай – мемлекеттік қызмет).

Жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажет жер учаскесінің сәйкестендіру мәліметтерін құрайтын сәйкестендіру құжаты болып табылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 7-тармақшасына сәйкес “Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл акт Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан филиалында дайындалып беріледі. Жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдер тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp