«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МОБИЛЬДІ ТЕРМИНАЛДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

BeeIine Business шағын және орта бизнес өкілдеріне “Рау-mе” банктік карталарымен төлеуге арналған мобильді терминалдар – pos-терминалдар сатылу басталғанын хабарлайды.

Төлем терминалы смартфонға қосылатын шағын кардридерден тұрады. Аталмыш құрылымды иеленген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға смартфонға Арр Store немесе GoogIe pIay-ден Рау-Ме тегін мобильді қосымшасын жүктеп алады. Сонан соң www.pay-me.kz сайтына тіркеліп, деректерін енгізеді және оферта-келісімшартшарттарын қабылдайды. Екінші деңгейлі банк – “Қазақстан Халық банкі” АҚ-мен келісімшартқа қол қойып, өзінің есепшотына төлемдерді қабылдауды бастайды.

“Бүгіннен бастап мобильді терминалдар BeeIine Қазақстан корпоративтік кеңселерінде, қолма-қол ақшасыз транзакция жүйелерін дамыту мәселелері айрықша өзекті аймақтарда қолжетімді “Pay-me” мобильді төлем терминалы компанияларға кез келген уақытта және кез келген жерде банк картасымен төлемақылар қабылдауға мүмкіндік береді. Аталмыш терминал курьерлік жеткізіп беру, такси, сақтандыру агенттері, тағы да басқа жылжымалы қызмет көрсетумен айналысатын компаниялардың дамуына баға жетпес үлес қосады”, – дейді BeeIine Қазақстан компаниясының коммерциялық директоры Александр Комаров.

Осылайша сатып алушы тауар мен қызмет көрсету ақысын төлеу үшін есептегіш құрылғысынан картаны жүргізіп өтсе болды. Терминалдар картадан оқылған мәліметтерді сақтап қалмай, шифрланған түрде процессинтік орталыққа береді. Әрбір құрылғы карталардың деректерінің құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы қорғаныш чипімен жабдықталған.

Қосымша ақпарат www.b2b. beeIine.kz сайтында.

Мобильді терминалды төмендегі нөмірлерге хабарласу арқылы алуға болады: корпоративтік сату бөлімі: 8 (727) 3 500 444. Өңірлерге арналған корпоративтік сату бөлімі: 8 (727) 3 500 404.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp