«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИФ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ӘДІСІМЕН түзілетін болады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінде “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желісі компаниясы” АҚ-ның 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, электр энергиясын тарату және бөлу жөніндегі қызмет тарифін бекіту тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті.  

Электр энергиясына тарифті есептеу кезіндегі салыстырмалы талдау тәсілін қолдану жуырда ғана енгізілді. Сол себепті энергетиктер мен монополияға қарсы ведомство өкілдерінің пікірінше, тұрғындар бұл әдіс бойынша тарифтің құрылу үдерісінің қалайша пайда болатынын нақты білулері тиіс. “Салыстырмалы талдау әдісі негізінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан электр энергиясын тарату және бөлу қызметіне тарифті бекіту әр өңірлік электр желісін тарату компаниясы үшін бөлек, жылдар бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, тариф жыл сайын әр электр желісін тарату компаниясы қызметінің тиімділігін ескере отырып, түзілетін болады”, – деді департамент директоры Марат Мұстафин.

Энергетиктердің түсіндіруінше, жаңа әдістемеге сәйкес электр желісін тарату компанияларының жыл бойғы қызметінің тиімділігі барлық республикалық компаниялардың рейтингінде көрініс табады. Тиімдірек жұмыс істеген компания тарифті құру кезінде монополияға қарсы агенттіктің басты назарына алынады. Тарифке салынған тұтынушылар қаржысы өндірісті инвестициялау мақсатында барынша тиімді пайдаланылатын болады. “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желісі компаниясы” АҚ үшін тариф былайша бекітілді: 2013 жылға – 1 кВтс үшін 3,228 теңге (ҚҚС есебінсіз), 2014-ке – 1 кВтс үшін 3,417 теңге, 2015-ке – 1 кВтс үшін 3,689 теңге. 2016 жылға тарифті бекіту үшін біз ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментіне 2013 жылдағы жұмысымыздың көрсеткіштерін ұсынып отырмыз”, – деді “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желісі компаниясы” АҚ президенті Александр Рейзлин. Ол өз баяндамасында аталмыш акционерлік қоғамның негізгі құралдарын қайта жаңарту және жетілдіру бойынша инвестициялық бағдарламаның бекітілгенін атап өтті. Мәселен, компанияның салымының көлемі 2014 жылы – 1050 млн. теңге, 2015 жылы – 1100 млн. теңге, 2016 жылы 1150 млн. теңгені құрайды. Энергетиктер қондырғыларды жаңарту нәтижесінде нормативтік техникалық шығынды 2014 жылы – 13,44 пайызға дейін, 2015 жылы – 13,43, 2016 жылы 12 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.  

“СолтҚазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp