«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВТЫ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президенті орын алған барлық құқықбұзушылықтарды түгелдей тіркеу және қылмыстың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тағы бір мәрте назар аударды.

Өз кезегінде Қ.Қасымов құқықбұзушылықтың барлық түрін толық тіркеу есебінен олардың саны 28%-ға артқанынан хабардар етті. Бұл ретте бірқатар аса ауыр қылмыстың – 13%-ға, кісі өлтіру 13,5%-ға төмендегені, сондай-ақ тонау мен қарақшылық деректерінің азаюы байқалғаны атап өтілді.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы еліміздің көлік жолдарында апаттың едәуір артқанына және оны төмендету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.

“Бүгінде елімізде жол-көлік оқиғасы салдарынан жолдарда адамдардың қайтыс болуы жиі орын алуда. Мысалы, жыл басынан бері 2,5 миллионға жуық жол жүру ережелерін бұзушылық, мас күйінде көлік жүргізудің 26 мың фактісі тіркелген, 2400 адам қайтыс болып, 80 мыңнан астам адам зардап шеккен”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ішкі істер министрі биылғы қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Президент берген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

“Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтуға бағытталған тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірленді. Мысалы, жылдамдық режімін 40 км/сағаттан артыққа бұзғаны үшін және қарсы бағытқа шығып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айыру, ал мас күйінде көлік жүргізгені үшін 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салу, 300 сағат қоғамдық жұмыс немесе сот шешімімен 6 ай әкімшілік қамауға алу түрінде жауапкершілік көзделеді”, – деді Қ.Қасымов.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға, қылмыстық озбырлықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейтуге, ішкі істер органдарында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp