«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘСЕЛЕ МЫЛТЫҚПЕН ШЕШІЛМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көкшетау қаласының мылтық ұстаған 58 жастағы тұрғыны бұрынғы зайыбы тұрып жатқан үйге баса-көктеп кірмек болған жерінде құрықталды.

Оқиға Айыртау ауданында орын алған. АІІБ-ге Саумалкөл ауылының тұрғыны хабарласып, отағасының бұрынғы жұбайының үйіне басакөктеп кірмекші болғанын хабарлаған. Әрі үй тұрғындарын күтпеген қонақтың қолындағы қаруы үрейлендірген.

Саумалкөл ауылында тұратын 32 жастағы келіншек кішкентай сәбиімен бірге ағасының үйінде тұрып жатқан. Мұнда ол жұбайымен болған кезекті жанжалдан кейін кетіп қалған. Оқиға болған күні ер адам мәселені шешу мақсатында зайыбына бірнеше рет телефон соққан. Бірақ одан жасырынған келіншек қоңырауларға мүлде жауап қатпаған. Шарасы таусылған азамат қолына қару алып, әйел тұрып жатқан шаңыраққа келіп, үйдің екі терезесін бұзған.  

Ер адам кіреберіс есікті тепкілеп ашпақ болған тұсында полицейлердің қолына түсті. Бұлқынған жігіт тәртіп сақшыларына да әзер көнсе керек. Оның бұрын істі болғандығы анықталды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp