«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 1 қазанда облыс тұрғындарының саны 576,7 мың адамды құрады, соның ішінде 241,2 мың адам (41,8%) – қалалық жерде, 335,6 мың адам (58,2%) ауылдық жерде тұрады.

2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықтың табиғи өсімі 782 адамды құрады, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 698 адам. Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша жалпы халықтың табиғи өсімінің коэффициенті 1000 адамға шаққанда 1,8 адамды құрады (2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 1,6).

2013 жылғы 9 айда облыста 6513 жаңа туған сәби тіркелген. Туғандардың 3396-сы – ұл бала және 3117-сі – қыз балалар. Жаңа туған 100 қызға 109 ұлдан келеді. Барлық туғандардың 2522-сі (38,7%) – облыс орталығында туғандар. Осы кезеңде туудың ең жоғары көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 15,1 сәбиден (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 15).

Облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіштері Ақжар (1000 адамға шаққанда 17,8 сәбиден), Уәлиханов (17,3) аудандарына және Петропавл қаласына (16,3) тиесілі. Туудың ең төмен көрсеткіштері Мағжан Жұмабаев ауданында (1000 адамға шаққанда 11,2 сәбиден).

Өлім жітімді 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегімен салыстырсақ 1,9% қысқарған. Облыс бойынша өлім-жітім коэффициенті 13,3 (13,4) промиллені құрады.

9 айда 1 жасқа дейінгі 69 сәби шетінеген, оның ішінде 36 ұл және 33 қыз, 2012 жылдың сәйкес кезеңінде 68 сәби, оның ішінде 35 ұл және 33 қыз бала. Сәби өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 10,6 (2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 10,4) келеді.

2013 жылы қаңтар-қыркүйекте 3676 неке тіркелген немесе 1000 адамға шаққанда 8,5 келеді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,7% өскен.

2013 жылы қаңтар-қыркүйекте 1531 тіркелген неке бұзылған. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 3,5 промиллені құрап және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% өскен.

Облыстық Статистика департаменті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp