«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ тәртібі мен тетіктері туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Мұндай шаралар бизнесті қолдау мақсатында барлық республика аумағында болып өтті. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кәсіпкерлер партия ғимаратына аталмыш бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі мен тетіктері туралы ақпарат және ақыл-кеңес алу мақсатында келіпті. “Дөңгелек үстел” басына жиналған СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Александр Иванищев, облыстық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Нелли Кукушкина, СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Антон Федяев және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерінің сұрақтарына жан-жақты жауап беруге тырысты. Александр Иванищевтің айтуынша, өңірлік кәсіпкерлікті, алдымен экономиканың шикізаттық емес секторларындағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту есебінен қолданыстағы тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, әрі бизнесті жалпы қолдау мақсатында биыл 1,1 млрд. теңге жұмсалған. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруға облыс бойынша 8 кәсіпкер қол жеткізген. Грант көлемі келесі жылы ұлғайтылатын болады. Бір кәсіпкерге арналған гранттың барынша сомасы 3 млн. теңгеден аспайды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асырғысы келетін азаматтар қабылдау барысында бағдарламаның осы және өзге де шарттарын ұғынды.  

Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту мәселесі толғандырды. СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Антон Федяев атап өткендей, бөлек жоба үшін инфрақұрылым құрылысының немесе қайта жаңартылуының құны іске асырылатын бизнес-жоба құнының 50 пайызынан аспауға тиіс. Ұжымдық өтінімдер берілгенде бір инфрақұрылым нысанының құрылысына немесе қайта жаңартылуына жұмсалатын шығынның 100 пайызын бюджет төлейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp