«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында құқықтық статистика мәселелері бойынша “Ашық есік күні” өтті. Шараны “Нұр Отан” партиясы мен Құқықтық статистика басқармасы ұйымдастырды. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардың көбі лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жайлы шағым айтып, заңгерлердің кеңесін сұрап келеді. Осыған байланысты ұйымдастырылған шарада құқықтық статистика органдарына қатысты заңнамаға түсінік беріліп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру көзделді. Шара барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әзірлеген жобалар түсіндірілді. Шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика басқармасының басшысы Жанар Ілияс төрағалық етті.  

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті үш жоба әзірлеген. Жобаның алғашқысы “Бизнес тірегі” деп аталады. Онда кәсіпкер өзіне қатысты жүргізіліп отырған тексеріс құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелгендігін білуіне мүмкіндік алады. Сұрақтарға жауапты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (http://service.pravstat.kz) сайтындағы “Кәсіпкерлерді тексеруді тіркеу туралы ақпарат” бөлімінен алуға болады. Ол үшін актінің тіркеу нөмірін, органның атауын, сұрағыңыз бен тексеру кезеңін, сонымен қатар тексеруші тұлға туралы мәліметтерді енгізу керек.  

“Айқын” жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың өтінімдері бойынша оның қаралуын, нәтижелерін білуге арналған. Бұл жобаны 2014 жылдың қаңтарынан облыстық деңгейде енгізу көзделіп отыр. Көптеген өкілетті органдар осы жүйе бойынша жұмыс істейтін болады.

Келесі жоба – “Электрондық КУЗИ” (Өтініштер, ақпараттарды тіркеу кітабы). Жоба жұмыс істей бастағанына бірнеше жыл болды. Ол қылмыстық істерге қатысы бар азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Егер Сіз ішкі істер органдарына өтініш берсеңіз, оның барысы жайлы кез келген елді мекеннен Интернет ресурстар, ұялы телефондар, SMS хабарламалар арқылы білуіңізге болады.

Келушілердің өздерін толғандырып жүрген сауалдарына мамандар жауап берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp