Түркістанда жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті. Республикалық біріншілікте Қазақстанның барлық облыстарынан келген 1998-1999 жылдары туған бозбалалар бақ сынады. Біріншілікте өңір намысын қорғаған 4 балуан жүлделі оралды.
Жарыс қорытындысы бойынша 53 және 59 кило салмақта Досым Ержан мен Нұрқожа Тайпанов үздік атанып, алтын медальға қол жеткізсе, 73 кило салмақта Ересен Қайыргелдин екінші болды. Ал 47 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәбит Төлегенов қола медальды қанағат тұтты.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.