«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті “СевКазЭнерго” АҚ-ын мен “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС объектілері бойынша пресс-тур баспасөз ұйымдастырды. Онда биылғы жөндеу жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ кәсіпорынның жылыту маусымына дайындығы туралы айтылды.

Петропавл қаласының жылу магистральдарының тозуы бүгінгі күнге 70%-ды құрап тұр. Мұнда жылу энергиясын жоғалту деңгейі өте жоғары. Оны төмендету үшін кәсіпорын биыл 10 шақырым құбырды ауыстыру үшін 1,2 млрд. теңге жұмсады. Сонымен қатар, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС үшін бекітілген тарифтерге сәйкес, кәсіпорында модернизацияға мүмкіндіктер ашылды. Ол инвестициялық бағдарламаның және жөндеу қорының қаражатына жүргізіледі. “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС үшін қосымша инвестиция көзі Қайта құру және Даму Еуропалық банкінің 2,4 млрд. теңге займы болды, 2011-2012 жылдары жылу беру қызметкерлері оның 801,5 млн. теңгесін игерді.

2013 жылы осы қаражатқа қаланың орталығында орналасқан ірі жылу беру магистралінің бірі – №2 жылу магистралі қайта жаңғыртылды. Ондағы жұмыстар екі кезеңге бөлінген. Бүгінгі күні бірінші кезеңге жоспарланған жұмыстар 100% орындалды, 355 млн. теңге игерілді.  

Екінші кезеңнің жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Осы мақсатқа 369 млн. теңге бөлінеді. Бұл магистраль толық қайта жөнделген соң, жылумен қамту сапасы артып, жылу жоғалту деңгейі төмендейді.

Осы жұмыстарды өз көзімен көрген баспасөз туралы қатысушылар бұдан соң №17 мектеп маңайындағы атқарылған жұмыстарды қарауға келді. Бұл жерде алдын ала оқшауланған құбырларды қолданумен, жылу трассаларын қайта құру жобасы аясында Володарский көшесінен бастап, Интернационал көшесіне дейін және ЖК-12-01 жылу камерасынан (Абай мен Егемен Қазақстан көшелерінің киылысында) №17 мектепке Сәтпаев көшесіне дейін 118 млн. теңгеге 1,563 км. желілер ауыстырылған.

Сонымен қатар, қатысушылар Брусиловский көшесі, 60А мекенжайында орналасқан сорғы станциясын жаңартудың куәгері болды. Мұнда ғимараттың іші-сырты жөнделіп, арматура жиынтығымен екі желілік сорғы орнатылған.

Нысандарды аралап болған соң, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС ғимаратында өткен брифингте журналистердің сұрақтарына Табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Марат Мұстафин, “СевКазЭнерго” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Төтебаев және “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС директоры Қуандық Кеңесбаев жауап берді.

“СевКазЭнерго” АҚ қоғаммен байланыс жасау бойынша бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp