«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢГЕНІҢ ТОЙЫНА ОРАЙ қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгеніне 20 жыл толуына орай облыс әкімі Самат Ескендіров қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Самат Сапарбекұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына банк және қаржы саласы қызметкерлерінің елеулі үлес қосып келе жатқандығына тоқталып, Премьер-Министрдің орынбасары Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың бұйрығымен биыл ғана тағайындалған “Қаржы қызметінің үздігі” төсбелгісімен бір топ солтүстікқазақстандықтың марапатталып отырғандығын атап айтты.  

Өңір басшысы аталмыш төсбелгіні облыстық Статистика басқармасының басшысы Ольга Перепечинаға, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Қазиза Мұхамадиеваға табыс етті.

(Өз тілшімізден).

Суретті түсірген

  Виталий ВЛАСЕНКО. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp