«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Амантай СЕЙФУЛЛИН,

“Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы

басқармасы” ММ басшысы.

Қазіргі уақытта елімізде зейнетақы жүйесінің жаңа үлгісі қалыптасуда.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік сызбасы тиісті деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53-55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп болжанған еді. Алайда, қазіргі уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста істейтін адамдардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.

Енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетін болады, оның 10 пайызы қызметкердің өзінің еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшін:

1) базалық зейнетақы төлемдері;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай өтілі болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсіби аурулар салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері сақталады.

Бүгінде, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен олардың пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды. Тізбе жобасының түпкілікті нұсқасы 17 бөлімнен тұрады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы әрдайым (80 пайыздан кем емес) залалды (ерекше залалды), қатерлі өндірістер мен цехтарда жұмыс істейтін жұмысшыларға төленеді. Еңбектің залалды (ерекше залалды), қатерлі шарттары өндірістік нысандардағы аттестаттау нәтижесінде расталуы тиіс. Аттестаттау өткізу тәртібін ел Үкіметі белгілейді.

Жұмыс беруші аттестаттау өткізбеген жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы кәсібі тізімге енген жұмысшының пайдасына жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды 140 шақты мамандандырылған ұйым аттестаттайды. Аттестаттау сапасына қойылатын талаптарды күшейту мақсатында Еңбек кодексіне мамандандырылған ұйымдарды міндетті түрде аттестаттаудан өткізу туралы өзгеріс енгізу қарастырылуда.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтеді және еліміздегі артып келе жатқан өмір деңгейінің зейнетақымен қамсыздандыру шегіне барабарлығын арттырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp