«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ БАСТАМАСЫ мүгедек балаларға қуаныш сыйлады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД-нің басшылығы мүгедек балаларды атқа отырғызып, қыдыртты. Алғашқы күні тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйдің жеті тәрбиеленушісі иппотерапия курсынан өтіп, мәз-мейрам болды. 

Тың бастаманы СҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкенов ұйымдастырып отыр. Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйдің басшылығы бас полицейдің мұндай ұсынысын ризашылықпен қабылдады. Өйткені, аттардың көмегімен мүгедектерді оңалту ісіне әр уақыт қаржы табыла қоймайды. “Иппотерапия баламалы медицинаның бір түріне жатады. Атқа мініп серуендеу және жануардың биоөрісі сырқат жанның ағзасына оң әсер етеді. Полицейлер атқа отырған балаларды өздері демеп, бақылап тұрады. Бұған қоса, серуендеу жабық ғимаратта жүргізіледі”, деген интернат-үйдің директоры Татьяна Лузакова Ақан Қажкенов пен Жол-патруль полициясының кавалерия взводына алғысын білдірді.

Барон мен Арғымақ атты аттарға отырған балалардың қуанышында шек жоқ. Олардың арасында мүлде атқа отырмағандары да бар. 8 жастағы Настя Шмидт бұл серуеннен жақсы әсер алып, қуанышымен былай деп бөлісті: “Атқа бірінші рет отырып тұрмын. Маған қатты ұнады. Басында біраз қорыққаныммен, енді бұл жерден кеткім келмей тұр”.  

“Бүгінгі күні кавалериялық взводта 17 жылқы бар. Жаз уақытында олар саяжайлардағы патруль шараларына қатысады. Ал қалған бос уақытта осылай балаларды қыдыртатын боламыз”, – дейді кавалериялық взвод командирі Қалабай Базарбаев.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp