«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫҢ БҮРШІГІНЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ПРЕПАРАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктория МУХАМЕТОВА,

биология ғылымының кандидаты.

“Солтүстік Қазақстан өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-нің ветеринария бөлімінің қызметкері, ветеринария ғылымының кандидаты Алма Әубәкірова екеуміз ветеринария ғылымының докторы, профессор Қанат Мыңжасовтың және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің органикалық химия кафедрасының доценті, химия ғылымының кандидаты Марианна Лежневаның басшылығымен қайыңның бүршігі және жас өркенінен алынған экстракт негізінде жасалған жаңа дәрілік препараттарды сынақтан өткізіп жатырмыз.

Жаңа препаратқа шикізат ретінде қайыңның біржылдық жас өркенінің бүршігін пайдаландық. Қайыңның жас өркені мен бүршігі дәрілік қасиетке ие, ал осынау шикізаттан алынған экстракт дәрілік препаратқа жатады. Оған жүргізілген химиялық сараптама препаратта өмірге қажетті натрий, калий, кальций, магний, темір, мырыш, мыс элементтерінің бар екендігін көрсетті. Алынған экстракттан сиырлардың жатырішілік эндометриттік қабынуын емдеу үшін суппозиторий әзірленді.

Аталмыш зерттеу суппозиторий түріндегі табиғи шикізаттан алынған препаратты, қайыңның жас өркені мен бүршігінің ерітіндісін қолдану қысқа мерзімде сиырлардың өнімділік қызметін қалпына келтіретіндігін, қысыр сиырлардың санын азайтатындығын және сервистік кезеңді қысқартатындығын байқатты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp