«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БРАЗИЛИЯҒА БАРАТЫНДАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Келесі жылдың 12 маусымы – 13 шілдесі аралығында жер-жаһанның бес құрлығының тұрғындары Оңтүстік Америкадағы Бразилияның футбол стадиондарынан берілген хабарларға құлақ түреді, телеарналар арқылы көзбен көреді.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

ФИФА әдеттегідей бес құрлықтың құрамаларын іріктеп, сүзгіден өткен отыз екі командаға финалдық ойындарға қатысуға рұқсат береді. Бұл ойындар әр континент бойынша топтарға бөлінген командалардың арасында өтіп, ең соңғы іріктеу кездесулері 20 қарашада тамамдалды.

Осы талап бойынша Еуропаға он үш орын берілгенді. Алғашқы лекте тоғыз топтың жеңімпаздары Риоде-Жанейроға бірден жолдама алғанды. Оның ішінде Ресей футболшылары да бар. Бұл – италиялық маман Фабио Капелло баптайтын Ресей құрамасының үлкен жетістігі. Өйткені, бұл ел футболшылары 2006 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарынан сырт қалып қойған.

Еуропаға бөлінген қалған төрт жолдамаға өз топтарында екінші орын алған, сөйтіп финалдық ойындарға қатысу үшін тағы да сынға түсуге тиіс болған Хорватия, Франция, Португалия, Грекия, Украина, Швеция, Исландия және Румыния командалары таласты.

Өзара жекпе-жектерде қарсыластарынан басым түскен Хорватия, Франция, Португалия және Грекия құрамалары жолдама алды. Алғашқы ойында Киевте француздардан 2:0 есебімен басым болған Украина ойыншылары 20 қарашада Парижде ұтылып қалды (0:3). Португалия Швецияны екі мәрте жеңді (өз алаңында 1:0, ал Стокгольмде 3:2). Швециядағы қарымта ойында Криштиану Роналду үш бірдей доп соқса, швед Златан Ибрагимович екі доппен жауап қайтарды.

Ал гректер Бухаресте румындармен тең түсті. 1:1. Олар алғашқы кездесуде жеңген. 3:1. Хорватия Исландияны тізе бүктірді. 2:0.

20 қарашадағы осындай тағы бір іріктеу кездесулерінде Мексика Жаңа Зеландияны, Уругвай Иорданияны ұтты.

Сонымен, 20 қарашада әлем чемпионының тәжіне таласатын 32 құрама түгел анықталды. Енді желтоқсан айының 6-сында жеребе тартылып, бұлар төрт ел кіретін сегіз топқа бөлінеді.

Еуропа құрамалары мыналар: Бельгия, Италия, Германия, Голландия, Швейцария, Ресей, Босния, Англия, Испания, Грекия, Франция, Португалия және Хорватия.

Оңтүстік Америка: Бразилия (чемпионат иесі ретінде бұл елге іріктеусіз қатысуға құқық берілді), Аргентина, Колумбия, Чили, Эквадор және Уругвай.

Африка: Алжир, Кот д, Ивуар, Нигерия, Камерун және Гана.

Азия: Иран, Оңтүстік Корея, Жапония және Австралия.

Австралия құрамасы жасыл құрлықтан жалғыз команда болғандықтан, Азия тобына қосылып, екі ойындағы іріктеуде Иракты ұтып кетті.

КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Американың, сондай-ақ Кариб теңізі аймағының елдері кіреді): АҚШ, Коста-Рика, Гондурас және Мексика.

Еуропа елдерінің іріктеуіндегі С тобында Қазақстан құрамасы соңғы орында қалды. Топ жеңімпазы – Германия. Швеция құрамасы – екінші орын иеленді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp