«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘКІМБЕК САЛЫҚОВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ көңіл айту жеделхатын жолдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасысы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кәкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тәжірибесін, қажыр-қайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен.

“Еңбек жолын инженер-металлург болып бастап, өзінің кемел білімі мен зор ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында республикамызда, Мәскеуде және Өзбекстанның Қарақалпақ облысында жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. Ол ғибраты мол өмірінде мемлекеттік қызмет пен табиғат берген ақындық дарынын қатар алып жүрді. Оның нәзік те сыршыл ақындық жүрегінен халқы сүйіп оқитын талай-талай жыр кітаптары мен ән арқауына айналған өлең жолдары туды. Осындай қасиеттерімен халқымыздың зор құрметі мен қошеметіне ие болды. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді”, – делінген жеделхатта.  

Нұрсұлтан Назарбаев Кәкімбек Салықовтың есімі ұмытылмайтынын, ал халқымыз оның шығармаларынан әрдайым рухани нәр алатынын атап өткен.

Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp