«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат САҒЫНДЫҚОВ,
Солтүстік Қазақстан
облысының Құрметті азаматы.

Елбасымыз – халқымыздың тірегі,
Жұртына адал, батыл оның жүрегі.
Игілікке атқаратын істердің
Білек түріп, басында өзі жүреді.


Көршілерден көш алда біз келеміз,
Қарыштаудың үлгісін де береміз.
Елу елдің еңсердік қой қатарын,
Озық деген отызға да жетерміз.
* * *
Елбасының тұлғасы даралығын,
Салиқалы сөзінің даналығын,
Әлем бүгін қол соғып қолдап отыр,
Ол ұсынған сан түрлі жаңалығын.

Тұрғанда ел басында көсеміміз,
Күн санап өркендейміз, өсеміз біз.
Тәуелсіздік туы тұр нұрын төгіп,
Қайта жанды жарқырап өшкеніміз.

Бейбітшілік – ұраны Нұрекеңнің,
Дәлелдеді ол ұранның құнды екенін.
Құтқарды қырып-жою қаруынан,
Жапты да сынақтардың дүр мекенін.

Елбасы еткен ерен іс-қимылына,
Даналық, көрегендік пиғылына
Әділ баға берілсе, ұсынылса,
Лайықты ол Нобельдің
де сыйлығына.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp