«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА-АНАҒА ЖАДНАМА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл жаднаманы өзіңіздің жұмыс үстеліңіздің үстіне іліп қойып, кейде оған жазылған ережелер мен талаптарға сәйкестігіңізді талдап отыруыңызға болады. Балаңызбен жүзбе-жүз қарым-қатынасты ешқашан үстел үстіндегі фотосымен алмастырмаңыз! 

1. Сіздің балаңыз бен отбасыңыз өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!

2. Отбасы Сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны “содан кейін” қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.

3. Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.

4. Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.

5. Өз жұмысыңыз туралы балаңызда теріс көзқарас қалыптастырмаңыз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда жаман көңіл күйімен келетініңіз туралы балаңыз ойламау керек.

6. Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.

7. Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас мейлінше жиі болуын қамтамасыз етіңіз.

8. Жұмыстағы келеңсіз жағдайлар балаңызбен қарым-қатынаста көрініс таппауын қадағалаңыз.

9. Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.

10. Күнделіктегі бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл күйі жайлы да біліп жүріңіз.

11. Егер бос уақытыңыз болса, оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз.

12. Кешіңізді теледидар көрумен, телефонмен сөйлесумен, кір жуумен және үй жинаумен өткізе бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.

13. Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!

14. Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындамаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.

15. Балаңызды үйде жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатқан әке-шеше, ата-әже, тағы басқалар. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.

16. Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз.

17. Ол Сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне сенімділік, жақсы көңіл күйін, бойына қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!

18. Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңызды өзіңізбен қарым-қатынастан айырсаңыз, қартайған шағыңызда оның Сізге деген балалық сүйіспеншілігіне сызат түсіріп, араларыңыздағы жіпсіз байланысты үзесіз.

Ата-аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!

Жаңыл СЫЗДЫҚОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық

дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаттың тәрбиешісі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp