«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ СЕМИНАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ауылдық округтердің әкімдері үшін біркүндік оқыту семинары болып өтті. Аталмыш шараны “OZYK BAY” ЖШС ұйымдастырып отыр. Алғашқы аймақаралық семинарға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, Экономика және бюджеттік жоспарлау және Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларының өкілдері, 6 ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, Петропавл қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, қаржылай қолдау қорлары мен микрокредит ұйымдарының басшылары қатысты. 

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереев осындай оқыту семинары алдағы уақытта екі аймақта – Тайынша және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың орталықтарында да ұйымдастырылатындығын, бұл шара “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының алдына қойған мақсатын кеңінен насихаттауды көздейтіндігін атап айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының 4 бағыты өңірімізде қалай жүзеге асып жатқанын кеңінен сөз етіп, қандай мәселелерге ерекше назар аудару керектігіне тоқталды.  

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Татьяна Токарева облыстағы еңбек нарығын дамытудың қазіргі және болашақтағы жағдайы, бөлім басшысы Надежда Зеленская жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асырудың барысы, бас маман Татьяна Кускаева кәсіби оқуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жағдай жасау, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілі Толқын Бейсенбаева тірек ауылдарды кешенді дамыту мәселелері жайында сөз қозғады.

Негізгі баяндамалардан кейін жергілікті әкімдердің өзекті сауалдарына жауап берілді.

Семинардың екінші бөлімінде 3 топқа бөлінген ауылдық округтердің әкімдері “СҚ Қаржы микрокредит ұйымы” ЖШС, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ ОФ, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ ОФ, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы және Кәсіпкерлікті қолдау орталығы қызметкерлерімен кездесті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp