«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ АКЦИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда “Даму” қорының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілерінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласының тұрғындарына тегін ақыл-кеңес беруге бағытталған “Жас Отан” жастар қанатының кеңесшілерімен бірлескен акциясы өтті. Аталмыш шара “Тайга” сауда үйінде орналасқан “Жас Отанның” ақыл-кеңес беретін кеңсесінде ұйымдастырылды.

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА,

“Даму” қоры филиалының менеджері.

“Жас Отанның” ақыл-кеңес беру кеңсесіндегі жұмысқа кәсіпкерлікті қолдау орталығының қатысуы кеңес беру аясын анағұрлым кеңейтіп, жұмысқа орналасу, қолжетімді тұрғын үй алу немесе балабақшадағы орынға кезекке тұру мәселелері бойынша осы жерде ақпарат алу мүмкіндігімен бірге, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында “Даму” қоры жүзеге асыратын өз істерін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша да қосымша ақыл-кеңес алуға жағдай жасады.

– Бұл біздің “Даму” қорымен бірлескен екінші акциямыз. Бізден ақпарат алғысы келетін жастар күннен-күнге көбейіп келеді. “Даму” қорының осы ізгілік ісінен тыс қалмай, қолдарынан келгенінше қолдау жасап отырғанына қуаныштымыз. Еліміздің табысты азаматы болуы үшін алғашқы қадам жасарында, әсіресе, жастарға осындай көмек қажет, – дейді “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp