2013 жылғы 3 қарашада Нью-Йоркте АҚШ боксшысы Кертис Стивенсті нокаутпен жеңген отандасымыз Геннадий Головкин Бүкілдүниежүзілік бокс қауымдастығының кестесі бойынша келесі жекпе-жегін 2014 жылдың 1 ақпанында Монакода өткізуге тиіс.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Бір қиындығы – бұл жекпе-жекте оған қарсы тұратын боксшылар табыла қоймағаны.
Келесі қарсыласын ол өзі таңдамайды. Өзге боксшылардың қазақстандықпен жұдырықтасқысы келмей, лайықты дегендері түрлі сылтаулармен бас тартуда. Бұлардың арасынан онымен жекпе-жекте бағын сынауға Африкадағы Гана мемлекетінің боксшысы Осман Адам ықылас білдіріп отыр. Ол 2000 жылғы Афины Олимпиадасына қатысқан. Содан кейін кәсіпқой боксқа ауысыпты.
О. Адам соңғы жекпе-жектерінің бірінде ресейлік Роман Кармазинді айқын басымдықпен жеңгенін айта кету керек.