«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРТЕГІДЕЙ КӨРІНГЕН ЕРТЕҢГЕ БАСТАҒАН ЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында салтанатты жиын болып өтті. Өңір басшысы Самат Ескендіров қатысқан шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері ауызға алынып, мерекеге орай бірқатар наградалар табыс етілді. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімі Самат Ескендіров елде ынтымақ пен бірлікті сақтап отырған Елбасының сындарлы саясатын тілге тиек етті. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – бүкіл әлемге танылып, дүниежүзілік қоғамдастыққа мүше болып отырған елдердің бірі. Егемен ел екенімізді таныту, мойындату барысында көптеген қиыншылық басымыздан өтті. Соның барлық ауыртпалығын мойнымен көтеріп отырған елдің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Өңір басшысының бұл пікірін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким де жалғастырып әкетті. Ол қиын-қыстау 90-ыншы жылдарды еске түсірді. “Сол уақытта тұрғындар жұмыссыз қалып, қариялардың зейнетақысына телмірген кез еді. Көп ұзамай Елбасының “Қазақстан – 2030” Стратегиясы қабылданды. Ондағы міндеттер еңсерілместей, ертеңіміз ертегідей болып көрінді. Бірақ біз Стратегияны мерзімінен бұрын орындап, елдің экономикасын жаңғырттық. Бұл, әрине, Тұңғыш Президентіміздің арқасында”, – деді депутат. Көпұлтты мемлекет бола тұра, биік белестерге елдегі татулық пен достықтың нәтижесінде қол жеткіздік. Осындай ойымен бөліскен “Видергебурт” неміс мәдени орталығы” ҚБ төрайымы Эльвира Ковзель Елбасының амандығын тіледі.  

Салтанатты жиын барысында облыс әкімі Самат Ескендіров алты бала туып, тәрбиелеген аналарға “Күміс алқаны” табыс етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды. Сондай-ақ бес жерлесіміз ұзақ жылғы адал еңбегі және мемлекеттік қызметке қосқан зор үлесі үшін “Үздік мемлекеттік қызметші” ведомстволық наградасымен марапатталды.

Мерекелік кеш облысымыздың таңдаулы өнер ұжымдары мен әншілерінің концертіне ұласты.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp