«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінде жас қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша семинар-кеңес болып өтті. 

Семинар жұмысына облыстық ТЖ департаментінің тәлімгерлік мәселесімен айналысатын мамандары да қатысты. Семинарды ұйымдастырушы – облыстық ІІД аса маңызды істер бойынша аға инспекторы – психолог Айгүл Чуланова тәлімгерлер мен олардың қамқорлығындағылардың темпераменттерін анықтауға экспресс-тестілеу өткізді. Тәжірибелі психолог түсініктеме берді. Семинарда психотерапевт дәрігерлер, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің психологтері сөз сөйледі, олар жас қызметкерлермен әр адамға маңызды мәселелер бойынша диалог жүргізді. Облыстық ІІД және ТЖД психологтері психологиялық қызметтің жалпы мәселелері туралы әңгімеледі.  

Семинардың соңында жиналғандар “Кері байланыс” карточкасын толтырды. Онда ұйымдастырушыларға және шақырылған психологтерге пайдалы ақпаратқа толы кездесу үшін алғыс айтылған.

Облыстық ТЖД-нің кадр жұмысы жөніндегі бөлімі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp