«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТПЕЙТІН МАҚСАТ ЖОҚ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙТІН ЖОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыс орталығындағы И. Шухов атындағы қалалық кітапханада “Н.Ә.Назарбаев – серпінді дамыған мемлекеттің бейнесі, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті” тақырыбында “Нұр Отан” партиясы, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені өкілдері және облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті.

“Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владимир Витченко Мемлекет басшысының еліміздің қалыптасуы кезеңіндегі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы саяси-экономикалық сипаттағы көптеген проблемаларды шешудегі рөлі мен маңызы туралы әңгімеледі. Ол Қазақстан беделінің әлемдік аренада қажетті деңгейге көтерілуі Елбасының жеке басының қасиеттерінің арқасында екенін ерекше атап өтті. Одан соң сөз кезегі еліміздің саяси және мәдени өміріне Президенттің сіңірген еңбегіне тоқталып өткен “Абылайхан резиденциясы” мұражай кешені экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Қыдыбековаға берілді.

Жиын қорытындысында шараны ұйымдастырушы – кітапхананың оқу залының меңгерушісі Татьяна Сарычева “Халқымыздың өз көшбасшысымен бірге жүріп өткен жолы шешілмейтін мәселе және жетпейтін мақсат жоқ екенін дәлелдейді”, – деп ол “дөңгелек үстелдің” жұмысын қорытындылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp