«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕРТХАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫНА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анатолий Маковскийдің, Роман Кимнің және Николай Логутовтың қатысуымен ветеринария мәселелеріне арналған кеңес өтті. 

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жиында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті басшысының орынбасары Мереке Тайтубаев еліміздегі ветеринарлық қызметті жаңғырту жайында айтып берді. Одан кейін сөз алған осы саланың өңірлік инспекциясының басшысы Владимир Карабельников ветеринарлық қызметтің бақылау жұмыстарына баса назар аударып, облыста тұрғызылып жатқан жалпы сметалық құны 1 миллиард 70 миллион теңгенің 9 модульдік ветеринарлық-бактерологиялық зертханаларында бюджет қаржысының 41 пайызға ғана игерілгеніне тоқталды. Басында қыркүйек айында тапсыруға жоспарланған бұл нысандар іске қосу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылғанына қарамастан, олардағы құрылыс жұмыстары ойдағыдай жүріп жатқан жоқ.

Кеңесте аталмыш құрылыс нысандарының мердігері – “Байсин А” ЖШС-нің директоры Алмас Оразбаевтан мемлекеттік тапсырыстың орындалмау себептері сұралды. Оның айтуынша, құрылысқа бөлінген бюджет қаржысының әлі 600 миллион теңгесі игерілген жоқ. Ол түрлі себептермен құрылыс жұмыстарының жыл ішінде жеті айға дейін тоқтап тұрғанын желеу етті. Мердігердің ендігі бір айдың көлемінде қалған қаржыны игеріп шыға алатындары туралы уәжі кеңеске қатысушыларды сендіре алмады. Оған алдымен Мәжіліс депутаттарының көзі жеткен жоқ. Бұл жайында әңгіме өрбіткен Николай Логутов мердігердің дәрменсіздігін, қалған бір айдың ішінде мұндай қаржыны игерудің мүмкін еместігін тура айтты. Ал Анатолий Маковский осы жайында Үкімет алдында мәселе көтеруге мәжбүр болатынын жеткізсе, Роман Ким мердігердің тым болмағанда негізгі жұмыстарды аяқтауына сенім арту қажеттігін білдірді.  

Кеңес соңында жиналғандар Мәжіліс депутаттарына өздерін толғандырып жүрген басқа да көптеген сұрақтар қойып, оған қанағаттанарлық жауаптар алды.

Парламент Мәжілісінің депутаттары осы кеңестің алдында облыстық Кедендік бақылау департаментінде кездесуде болды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp