«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПКЕ КӨМЕГІ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінде 45 бала тәлім-тәрбие алады. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауылдағы білім ошағына жан-жақты жөндеу жүргізілді. Мектептің шатырын жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Пеші де ауыстырылды.

Мектепке “ТНС – 2020” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ринат Ыбыраевтың көмегі зор. Ол шаруашылық жұмысшыларының балалары білім алатын ордаға жыл сайын көмегін аямайды. Басшы тарапынан ақшалай да, заттай да көмек көрсетіледі. Биылғы жазғы жөндеу жұмыстары кезінде 150 мың теңге көлемінде қаражат берді. Бірінші сыныпқа келген 6 бүлдіршіннің әрқайсысына мектепке қажетті құрал-жабдықтар алуға да ақша бөлді. Мектептің жылу жүйесіндегі ақауды жөндеу кезінде дәнекерлеу техникасы мен мамандарын жіберіп, көмек көрсетті. Ринат Айтқозыұлы мектептің пешінен шыққан қыс бойғы көмір қалдықтарын тазалауға да техника беріп тұрады. Ол мектеп үшін көмек сұрағанда бетімізді қайтарған емес. Жаңа жыл қарсаңында қарамағындағы жұмысшылардың балаларына сыйлық беріп, қуантуды ұмытпайды.  

Біздің балаларымыздың таза, жөнделген, жылы ғимаратта білім алуына өз үлесін қосып жүрген Ринат Ыбыраевқа ата-аналар мен ұстаздар қауымының алғысы мол.

Айжан АҚЫШЕВА,

С.Сауытбеков атындағы

Балуан негізгі мектебінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp