«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатта Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы мамандарының ұйымдастыруымен “Дарынды оқушыларды психологиялық демеу” тақырыбында облыстық семинар өтті. Дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетіп, өзөздерін дамытуларына, мамандығын дұрыс таңдауға, психологиялық және дене саулығын сақтауға ықпал етуге арналған шараға облыс мектептерінің психологтері, білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Білім беру мекемелерінің білікті мамандары бірлесе отырып, дарынды балаларды қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын талқылады. Сонымен қатар оқушылар арасында ерекше назарды, үнемі қадағалауды қажет ететін балаларды да тауып, олардың өзіндік “Менін” (өз-өзіне қатынасына, өз-өзін сыйлауына, өз-өзін қабылдауына) жағымды жағынан қалыптастыруға атсалысу керектігі айтылды. Жеткіншектердің көңіл күйлерінің тұрақты болуы үшін қиыншылық жағдайында (конкурстар, олимпиадалар, емтихандар) өз-өзін ұстай білуге, күйзеліс жағдайына шыдамдылыққа, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға үйрету жолдары қарастырылды. Семинар барысында жоғарыда айтылған мәселелер бойынша теориялық және практикалық әдіс-тәсілдер қамтылып, баяндамалар оқылып, шеберлік сыныптары өтті. Білікті психолог мамандардың жұмыс әдістемелерін басқа да білім мекемелерінің психологиялық-педагогикалық жұмыс тәжірибесіне енгізу ұсынылды. Айнұр ЕСМАҒАМБЕТОВА, Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp