Қазақстанның белді конькишілері қараша айында үш халықаралық жарысқа қатысып, бәрінде де елдің рекордын жаңартты.
Виктор БОНДАРЕНКО,
М. Қозыбаев атындағы
СҚМУ профессоры.
Біздің спортшылар Канаданың Калгари қаласындағы және АҚШ-тың Юта штатындағы атақты мұз айдындарында сынға түсті. Біздің өңірдің конькишілері, әсіресе, Астанадағы “Алау” айдынында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, мұның алдында жарақаттануына байланысты барын сала алмаған Роман Креч Астанада “В” тобында 500 метр қашықтықта жарысып, бас жүлде еншіледі. Оның уақыты – 35,35 секунд. Ол осы жеңісінің арқасында өзінің жалпы есебіне 25 ұпай қосты. Жапониялық Акиа Ота мен канадалық Уильям Дантон одан кейінгі орындарда қалды.
Екінші жерлесіміз Дмитрий Бабенко “А” және “В” топтарында он шақырымдық жарыс жолына шығып, жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.