«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОМБЫҒА САПАР ОЙДАҒЫДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің өкілдері ресейлік әріптестері – Омбы облысы бойынша ТЖ Бас басқармасына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Нұрлан АТЫҒАЕВ,

облыстық ТЖ департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-нің бастығы Павел Филиппов басшылық еткен жұмыс тобы іссапар барысында Бас басқарманың бастығы, генерал-майор Владимир Корбутпен кездесті. Тараптар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-да көмек көрсету үшін шекарадан жеңілдетілген түрде өту жөнінде меморандумға қол қойды, СҚО ТЖД және РФ ТЖМ Омбы облысы бойынша ББ-ның шекаралас ТЖ қаупі төнгенде және туындағанда өзара әрекеттесу жоспары келісіліп, бекітілді, 2014 жылғы бірлескен жаттығуларды дайындау мәселелері қарастырылды. Қазақстандықтар Бас басқарманың Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығына барып, оның құрамына енген 112 диспетчерлік тобы мен “01” орталығының, Online тәртібінде бейнеконференция өткізілетін ситуациялық орталығының жұмысымен танысып қайтты.  

Сонымен қатар Омбы қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінде қонақтарға РФ ТЖМ Омбы облысы бойынша ББ жедел штабының “дала жағдайында” жұмыс істеуі көрсетілді. Жұмыс сапарының басты оқиғасы Сібір аймақтық Азаматық қорғаныс, төтенше жағдай және зілзала зардаптарын жою істері бойынша орталығының бастығы Владимир Светельскийдің гарнизон бастығы Владимир Корбутқа салтанатты түрде Жауынгерлік туды тапсыруы болды.

Бас басқарманың басшылық құрамы және Омбы облысының басшылығымен кездесу барысында Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне деген құрметі, достық қатынасты жалғастырып, одан әрі дамыту, екі ел арасында ынтымақтастықты нығайтуға әзір екендіктері сезілді. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы Павел Филиппов: “Бізді құшақ жайып қарсы алып, тиімді жұмыс істеген үшін әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Елеулі жұмыс атқардық, алайда әлі де атқаратын жұмыс көп. Бірлессек, кез келген қиындыққа мойымай, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының төтенше жағдайлардан мықты қорғанысын қамтамасыз етеміз”, – деп, жұмыс сапарын қорытындылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp