«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ – басым бағыт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалардың мүдделерін қорғау мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыты болып табылады. Соған қарамастан, кейбір мекемелер аталған талаптарды тиісінше орындай бермейді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының тексерістері осыны көрсетті.

Қуандық ЖАППАРОВ,

облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың Арнайы есепке алу бөлімінің

бас прокуроры.

Атап айтқанда, арнайы есептердің автоматтандырылған арнайы жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) басқарма аталған санаттағы жекелеген қызметкерлердің орнатылған тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған сотталғандығы туралы 5 мәліметті анықтады. Олар туралы облыс прокуратурасы ақпараттандырылды.

Облыстық прокуратураның білім мекемелерінде өткізген тексерісі нәтижесінде басқарма АЕ ААЖ арқылы анықтаған заң бұзушылықтар дәлелденді.

Мысалы, Ақжар ауданының Тельман орта мектебінде тонаушылық жасағаны үшін 2009 жылы 3 жылға бас бостандығынан айрылған дене шынықтыру мұғалімі жұмыс істеген.

Жалпы, тексеріс қорытындысында Ақжар ауданының Тельман және Байтөс орта мектептерінің директорлары жазаланды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұлғалардың бәрімен еңбек келісімшарттары бұзылды.

Көрсетілген фактілер қызметке қабылдаған кезде Білім басқармасы азаматтардың сотталмағанын анықтау бойынша шараларды қолданбағандығының салдары болып табылады.

Прокуратура мұндай фактілерді болдырмау мақсатында білім беру, демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, тәрбиелеу және медициналық қамтамасыз ету салаларына жұмысқа орналасып жатқан тұлғаларды тексеру қажеттілігі туралы хат жолдады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp