«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Соғыста ғана батыр болмайды…” деген қанатты сөз бейбіт өмірде де жалғасын тауып жатады. Оған Алексей Трушковтың ерлігі-ақ мысал бола алады.

“Көршінің үйі өртеніп жатыр!” деп қағылған есік пен айғай Алексей Васильевичтің пәтерінен тез шығуына себепкер болды. Өрт жайлы “101” телефонына жылдам хабарлап, №12 пәтердің түтін шығып жатқан есігіне қарай ұмтылды. Онда үйелмелі-сүйелмелі төрт баласы бар отбасының тұратынын білетін. Ащы түтінге уланып, ес-түзсіз жатқан 4 жасар Анжелика мен оның бір жасар інісін от ішінен алып шығуға санаулы минуттар ғана кетті. Осы кезде өртсөндірушілер де келіп жетті. Өкінішке қарай, қалған екі баланы қою түтін мен от жалынынан құтқарып қалудың сәті түспеді. Жасақтардың ТЖ орнына жылдам жетуіне үй алдының бетонды блоктармен қоршалып тасталғаны кедергі келтірді. “Әке-шешем адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ дегенді үнемі құлағыма құйып отыратын. Мен соған орай әрекет еттім”, – деп еске алады сол күнгі төтенше жағдайды Алексей Трушков. Қайткен күнде де өз өмірін қатерге тіге отырып, ол екі баланы өлімнен аман алып қалды.

Осы оқиғадан бір апта өткеннен кейін қалалық Мәденит үйінде Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Павел Филиппов еліміз өз батырларының есімін білуге тиіс екендігін, мұндай ерлік өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болатындығын атап айтып, петропавлдық Алексей Трушковқа салтанатты жағдайда Құрмет грамотасын табыс етті.  

Бұл құрғақ сөз болып қалған жоқ. Қарашаның соңғы күндері, ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне арналған департаменттің салтанатты жиынында биылғы 9 қазанда екі баланы өрттен алып шыққан Алексей Трушков ведомстволық награда – “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісіне ие болды

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

СУРЕТТЕ: оң жақта Алексей Трушков.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp