Петропавлда Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан республикалық ашық біріншілік мәресіне жетті. Сайыс барысында 9 бен 13 жас аралығындағы 220 жеңілатлетші жүгіру мен ұзындыққа секіру бойынша сынға түсті.
Тартысты доданың қорытындысы бойынша бар спортшының ішінен 48-і жеңіс тұғырына көтерілді. Аталмыш додада солтүстікқазақстандықтар да жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда, жерлестеріміздің қоржынында 9 алтын медаль бар. 6 алтын алқаны олжалаған көкшетаулықтар екінші орынға тұрақтады.
(Өз тілшімізден).