ESPN америкалық кабельді спорт арнасы әлемнің он үздік боксшысы рейтингісінің өз нұсқасын жариялады. Оған WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин де енгізілді.
Рейтингтің басында Мичиган тумасы кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр. Ол 45 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Одан бөлек АҚШ-тың 4 боксшысы тізімге енген. Салмақ дәрежесін есепке алмай жүргізілген ESPN нұсқасы бойынша үздік боксшылардың тізімін 28 жекпе-жек өткізіп, 28-інде қарсыластарынан басым түсіп, 25 кездесуде нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық Геннадий Головкин тізімді қорытындылады.
(Өз тілшімізден)