«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕКІНШІ ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматыда әйелдер арасында “Б” Жоғары лигасының бірінші туры аяқталды. Теміртаулық “Металлург АМТ” командасы барлық жеті ойында жеңіске жетіп, үшінші саналатын дивизионда көш бастады.

Әйелдер “Б” Жоғары лигасында “Спартак АМТ” (Теміртау), “Қазығұрт” (Оңтүстік Қазақстан обл.), “Қуаныш және К” (Солтүстік Қазақстан обл.), “Жетісу-2” (Алматы обл.), “Дворец школьников” (Астана), “Астана-2”, “Металлург АМТ” (Теміртау), “Академия волейбола” (Алматы) құрамалары сайысуда.

Теміртаулықтар бірінші турды бір деммен өткізді. Ал екінші орынды солтүстікқазақстандық “Қуаныш және К” командасы иеленді. Былтырғы біріншіліктің қола жүлдегері Алматыда алты ойында жеңіске жетіп, көшбасшы командадан төрт ұпай артта қалды. Үздіктер үштігін ел чемпионы – “Жетісу” командасының фармклубы түйіндеді.  

“Қуаныш және К” командасы “Астана-2”, “Академия волейбола”, “Спартак АМТ” құрамаларынан 3:0, “Қазығұрт” командасынан 3:1, “Дворец школьников” пен “Жетісу-2” командаларынан 3:2 есебімен басым түссе, теміртаулық “Металлург АМТ” құрамасынан 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

Екінші тур 19-27 желтоқсан аралығында Астанада өтеді.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp