Облыс аумағында орын алған жол-көлік апатынан 25 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты.
Апат Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында Челябі-Новосібір автожолының 540-ыншы шақырымында орын алған. 52 жастағы жүргізуші “Ниссан” көлігінде келе жатып, жол жиегінде жаяу бара жатқан Пеньково ауылының тұрғынын басып өткен. Тергеудің алдын ала болжамдары бойынша жәбірленуші абайсызда жақын келе жатқан көліктің алдына шығып кеткен. Ер азамат жарақат салдарынан апат орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.