Алматыда кекушинкай каратэден республикалық турнир өтті. Сайыс еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық спортшының басын қосты.
Кекушинкай каратэден өткен біріншілікте Александр Симанов – алтын, Никита Ковалев – күміс, ал Александра Жанғазина, Земфира Хлебникова, Қадыр Ескендір қола медаль жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары облыс орталығындағы “Тұлпар” балалар мен жасөспірімдер клубында жаттығады.