«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗҒА БОЙЛАЙ БІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айнажан ЕЛЖАСОВА,

Горное негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Тұңғыш Президент күніне байланысты “Отаным – алтын бесігім” тақырыбында мектепішілік саяхат-сабақ өткіздім. Тарихи танымдық мәні зор саяхат-сабақта мектеп оқушылары Тәуелсіздікке жету үшін қазақ халқы қандай қиындықты бастан өткергенін жете түсінді. Мәселен, балаларға сабақ қызғылықты болуы үшін мен оны үш кезеңге бөлдім: кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазақстан. Осы арқылы оқушылар Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына дейінгі кезеңді тарих беттерінен оқыды. Осы орайда балалар жоспарға сүйене отырып, таныстырылымдарын қорғады. Ал еліміздің бүгінгі жағдайы мен болашағын оқушылар өздері-ақ таныстыруға тырысты. Елбасының өмірбаянымен, еңбек жолымен танысып, “Қызықты суреттер сөйлейді” ойынына қатысып, Қазақстан 1991-2013 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеткенін анықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp