Петропавлдағы “Жеңіс” мамандандырылған мектебінде жекпе-жек бойынша облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетті. Бәсі биік додаға бокс, кикбоксинг, тай боксы және жұдырықтасу спортының өрендері қатысты.
Жасөспірімдер санатындағы ақтық кездесулердің арасында Сапарғали Қайырғалиев пен Қайрат Ғалихановтың жекпе-жегі, әсіресе, тартымды болды. Дегенмен, қазылардың шешімімен Сапарғали 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал кездесулердің басым бөлігі түрлі себептерге байланысты уақытынан бұрын аяқталып жатты.
Сайыстың қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде Руслан Заякин (48 кг.), Темірлан Бектасов (54 кг.), Сапарғали Қайырғалиев (57 кг.), Денис Писаренко (60 кг.), Бақытжан Бакрамбеков (63 кг.), Темірлан Омаров (67 кг.), Ернар Тасқараев (70 кг.) және Александр Григорович (81 кг.) чемпион атанды.
Ерлер арасында Евгений Золотарев (60 кг.), Александр Николаев (65 кг.), Әлібек Тоқжанов (70 кг.), Руслан Атчетыров (75 кг.), Нұрсұлтан Жақыпов (80 кг.) және Марал Мұстафин (91 кг.) жеңістің бірінші сатысына көтерілді.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.