«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚҚА ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА,

“Даму” қоры облыстық филиалының менеджері.

Петропавл қаласында “Даму – Көмек” бағдарламасының аясында мүгедек балаларға арналған “Северный бриллиант” ЖШС-нің бейімдеу орталығына “Садаков В.Г.” жеке кәсіпкерлік компаниясы демеушілік көмек көрсетіп, балалардың дамуына септігін тигізетін ойыншықтар сатып әперді.

Балалардың бейімдеу шағын орталығының басшысы Галина Бондаренко оны ашу үшін аз тер төккен жоқ. Алдымен оған лайықты қонысжай таңдау қажет болды, сосын массаждық төсекше, балалардың қол және аяқ жаттығу құрылғылары, шарлармен толтырылған құрғақ бассейн, шарлы жастықтар сияқты арнайы құрал-жабдықтар іздестіруге тура келді. Әйтеуір, ойға алғанын орындамай қоймайтын қайсар мінезді Галинаның олардың бәріне қолы жетті. Тіпті, оған қоса “Улыбка” қайырымдылық қорын ашудың да сәтін келтірді. Оның жұмысы денсаулығы жарымжан балаларға және аз қамтылған отбасыларына көмек жасауға бағытталған.

– Жоспарымызда балалар массаж кабинетін, психологі бар бөлме ұйымдастыруды, ауру балалардың қол қозғалысын, ойлау қабілетін дамыту жөнінде жаттығулар өткізуді және олардың дене шынықтыру мен шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасауды көздеп отырмыз, – дейді орталық басшысы Галина Бондаренко.

Жеке кәсіпкер Владимир Садаковтың демеушілік көмегімен алынған орталықтың балалар ойыншықтары мен жазу-сызу құралдары бүлдіршіндердің шығармашылықпен айналысуына және де толыққанды балалық шақтың бақытын сезінулеріне мүмкіндік береді. Бұл орайда жеке кәсіпкер қайырымдылықпен айналысудың, әсіресе, мүгедек балаларға көмек жасаудың ізгілікті іс екенін, оның бүлдіршіндердің сауығуларына және дамуына мүмкіндік беретінін айтады. Кәсіпкер балалардың шағын орталығына жасаған демеушілік көмегі үшін “Даму” қоры облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp